Dataset Viewer
Auto-converted to Parquet
audio
audioduration (s)
1.04
24.2
text
stringlengths
13
281
ақтөбе облысының құрметті азаматы атағы қоғамдық бірлестіктер мен депутаттардың ұсынысымен қаралып, талқыланды.
барлығы он адамның аты-жөні аталғанымен, төртеуі лайықты деп танылды.
олар - философия ғылымдарының докторы, профессор амангелді айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор рәбиға сыздық, атамекен кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы есімхан құрманғазин.
құрметті азаматтар қатарында бүгін нью-йорктегі концертін ан концертін аншлагпен өткізген димаш құдайберген де бар.
димаш қанатұлы - әнші, сазгер.
екі мың төртінші жылы ахмет жұбанов атындағы ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдады.
қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасында оқып жатыр.
екі мың он-он үшінші жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды.
қазақстанда байқоңыр дауыстары, жас қанат, украинадағы восточный базар, славянский базар байқауының жеңімпазы.
екі мың он төртінші жылы дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
екі мың он бесінші жылы жыл әншісі болып, екі мың он алтыншы жылы эстрада әртісі сыйлығын иеленді.
екі мың он жетінші жылы қытайда өткен байқауда жүлделі орын алды, - деді ақтөбе облысы әкімінің аппаратының жетекшісі нұржауған қалауов.
атырау қаласындағы назарбаев зияткерлік мектебінің он екінші сынып оқушысы бибарыс ғилаж еріктілердің қызметіне арналған жаңа мобильдік қосымшаны жасап шығарды, - деп хабарлайды қазақпарат тілшісі.
ол шаңырақ ұялы бағдарламасына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еріктілер үшін қажетті деректерді жинаған.
мобильді қосымшаны қолданушылардың бір-бірімен тұрақты хабарласуға және деректер алмасуға мүмкіндігі бар.
мұнда кәдімгі әлеуметтік желі сияқты тіркелушілер жеке профильдік-аккаунт ашады және қосымшадағы басқа да қолданушыларды қауымдастықтарға енгізе алады.
мемлекет басшысы қасым-жомарт тоқаевтың жарлығымен келесі жыл елімізде еріктілер жылы деп белгіленді.
менің білуімше, қазіргі ақпараттық кеңістікте барлық қазақстандық еріктілердің басын қосатын және олар туралы ресми мәлімет беретін деректер қоры жоқ.
бұл мобильді қосымша арқылы мен осындай проблемаларды шешудің жолын іздедім.
шаңырақ ұялы бағдарламасында жергілікті және басқа да аймақтағы еріктілер туралы ақпараттар, олардың өткізетін шаралары туралы хабарламалар жарияланып тұрады.
жобаның баламасы ретінде танымал әлеуметтік желілерді де айтуға болады.
бірақ оларды пайдаланудағы қауіпсіздік ережелері барлық кезде сақтала бермейді.
ал мен дайындаған мобильді қосымша белгілі қауіптерді алдын алуға және жасырын деректердің таралмауына септігін тигізбек.
қосымшада тек әрбір адамға қажетті негізгі функциялар қолжетімді болады.
мұнда қажетсіз жарнамалар мен спам ескертулер болмайды, - дейді бибарыс.
жас өнертапқыштың бұл жұмысын қазылар алқасы мектепішілік және республикалық кезеңдердегі ғылыми-жобалар сайысында жоғары бағалаған.
соның бірі ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткен қазақстан жастары конгресінің инновациялық жобалар байқауы.
енді авторлық туындыға патент алу және оны кең көлемді қолданысқа енгізу қалды, - дейді бибарыс ғилаж.
оның айтуынша, болашақта бұл мобильді қосымша еріктілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.
олардың нәтижелі жұмысын жан-жақты көрсетуге, белсенділер мен жаңа қолданушыларды анықтауға мүмкіндік бермек.
назарбаев зияткерлік мектебінің болашақ түлегі бибарыс ғилаж бағдарламалау курсымен бірнеше жылдан бері айналысады.
ағымдағы жылы ақш-тың стенфорд университетінде бағдарламалау, көшбасшылық және әлеуметтік ғылымдар курсын сәтті тәмамдап шыққан.
бұл зерттеу он алты-алпыс бес жас аралығындағы адамдардың оқу, математикалық сауаттылығы мен есептерді сандық ортада шығара білу дағдыларын бағалайды.
қазақстан бұл зерттеуге алғаш рет қатысқандығын ерекше атап өткен жөн.
қазақстанның нәтижелері бойынша ересектердің дағдылары орта есеппен испания және италия азаматтарының деңгейінде екені, бірақ еуропалық ынтымақтастық даму ұйымы елдерінің орташа деңгейінен айтарлықтай төмен екенін көрсетті.
сонымен қатар, қазақстанға ғана тән ерекше нәтижелер де анықталды, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
мысалы, халықаралық зерттеу адам дағдыларының даму шыңы жиырма бес пен отыз төрт аралығындағы жасқа келетінін, ал одан әрі құлдырау басталатынын көрсетті.
жастардың дағдылары бұл жиырма бес пен отыз төрт жас аралығы аға ұрпақ өкілдерінің бұл елу бес-алпыс бес жас аралығы дағдыларымен бірдей, ал кей жағдайларда олардан төмен болды.
егер шұғыл шаралар қабылдамасақ, жиырма-жиырма бес жылдан кейін халықтың дағдылары қазіргіден де төмендеп кетуі мүмкін.
жалпы жиырма бес пен отыз төрт жастағы азаматтардың елу пайызының жоғары білімі бар, ал елу бес пен алпыс бес жас аралығындағы адамдардың жиырма жеті пайызы ғана жоғары білім алған.
қазақстан халқының жартысы оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылығы бойынша тек екінші деңгейге қол жеткізген, ал халықтың төрттен бір бөлігі ғана жоғары деңгейде.
бұл ел тұрғындары жеңіл мәтіндермен, сондай-ақ талдауды, сараптауды және түсіндіруді талап етпейтін ақпаратпен ғана жұмыс істей алады дегенді білдіреді, - деп түсіндірді министр.
оның пайымынша, дағдыларды меңгеру деңгейлері мен оларды пайдалану жиілігі де маңызды тренд болып отыр: дағдылар күнделікті өмірде де, жұмыста да неғұрлым көбірек қолданылса, соғұрлым деңгейлері де жоғары болмақ.
сонымен қатар, зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың тек он жеті пайызы ғана әртүрлі білім беру іс-шараларына қатысатыны анықталды.
бұл - ең төмен көрсеткіштердің бірі.
білім алу деңгейінің өсуі - дағдылар деңгейінің өсуіне де оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн.
бұл зерттеу қорытындыларының кейбір мысалдары ғана.
бұл ретте, зерттеу нәтижелеріне жеңіл-желпі қарамай, білім жүйесінің жалпы көрінісін бақылау және жүйелі шараларды қабылдау маңызды.
жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алдымызға бірнеше міндет қойдық, - деді ймағамбетов.
осы орайда, біріншіден, кәсіптік және жоғары білім саласын айтарлықтай жоғарылату қажет.
қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен колледждері отандық кадрларды даярлаған кезінде халықаралық зерттеулер нәтижелерін басшылыққа алуы керек.
олар еңбек нарығы үшін мамандарды жай дайындап қана қоймай, сондай-ақ қажетті дағдыларды үйретуге - оқуға үйретуге тиіс.
екіншіден, мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жоғары білімді қаржыландыруды ұлғайту қажет.
бұл материалдық-техникалық базаны нығайтуға және оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
қазақстан республикасының латвия республикасындағы елшісі тимур пірімбетов латвия республикасының президенті эгилс левитске сенім грамоталарын тапсырды.
бұл жөнінде сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап қазақпарат хабарлайды.
сенім грамоталарын тапсыру рәсімі шеңберінде латвия республикасының президентімен жеке сұхбат өте жылы және өзара сенім негіздерінде өтті.
жиырма жеті жыл бұрын қазақстан республикасы мен латвия республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, бұл- мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылдың оныншы желтоқсаны.
киберқауіпсіздік және тағы да басқа салаларды ілгерілетуге өзара қызығушылық білдірілді.
президент левитс қазақстанда өңірдегі басты сауда-экономикалық әріптесі, сонымен қатар орталық азиядағы тұрақтылық және қауіпсіздік орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті делінген хабарламада.
латвиялық көшбасшы қазақстанның президенті қасым-жомарт тоқаевқа және қазақстан республикасының тұңғыш президенті - елбасы нұрсұлтан назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізіп,
қазақстан халқын келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтады.
екі мың он тоғызыншы жылғы есеп бойынша еліміздегі ақбөкендердің саны үш жүз отыз төрт мың төрт жүзге жетті.
бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы сәкен ділдахмет айтты, деп хабарлайды қазақпарат тілшісі.
қазақстанда киіктердің күйлеу кезеңі басталды.
жануарлардың жұптасу кезеңі шалғай жерлерде болады.
олар осы кезеңде күштерін жоғалтып, жыртқыштар мен браконьерлердің құрбанына айналады.
күйлеу кезеңінде ақбөкен популяциясын сақтау үшін охотзоопром өндірістік бірлестігінің инспекторлары жануарларды қорғауға күш салуда,
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жергілікті тұрғындарды күйлеу кезінде киіктерді мазаламауға шақырды.
бұл процесс екі мың жиырмасыншы жылдың көктемінде ақбөкеннің үш популяциясының санын көбейту науқанының қаншалықты сәтті болғанын анықтайды.
киікті заңсыз аулау үшін бес жүз айлық есептік көрсеткіші ақбөкен мен төлін заңсыз аулау үшін үш жүз елу айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолданылады, - дейді ол.
екі мың он тоғызыншы жылғы есеп бойынша ақбөкендердің саны үш жүз отыз төрт мың төрт жүзге жетті.
алматылықтар алтын орда дәуіріндегі сирек жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды қазақпарат тілшісі.
бүгін қазақстанның орталық музейінде алтын орда - қазақ мемлекеттілігінің бесігі көрмесі ашылды.
бұл мәдени шара қазақстан президенті қасым-жомарт тоқаевтың бір мың екі жүз алпыс тоғызыншы жылы талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған алтын орда империясының
жеті жүз елу жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай ұйымдастырылып отыр.
президент өз мәлімдемесінде біздің еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, киелі нысандардың қазақстандықтар мен шетелдік туристерді тарту орталығына айналуына басымдық беруді тапсырған болатын.
бүгін ашылған көрме алтын орданың жеті жүз елу жылдығына байланысты болып отыр.
алтын орда - қазақтың алтын бесігі.
осыдан қазақ хандығы құрылған.
бүгінгі көрмеде он үш-он төртінші ғасырлардағы алтын орда уақытын қамтитын артефактілер қойылып жатыр.
бүгінгі көрмеде бірегей көрнекті заттар, жібек маталар қойылды.
жібек мата - теңдесі жоқ мата.
оның ішінде алтынмен тігілген жіптер де бар.
сонымен қатар, сол кезеңді қамтитын жауынгерлердің саймандары, ақша, әшекей бұйымдар қойылған.
мемлекет болған соң монета сарайы болады.
жалпы алғанда біздің қалаларымыз ұлы жібек жолында жақсы дамыған.
көрмеге қойылған тағы бір керемет материал - каталон атласы, яғни әлем картасы.
бұл картаны бір мың үш жүз жетпіс бесінші авраам есімді еврей жасап, француз королі хуан біріншіге сыйлаған.
қазір оның түпнұсқасы француз ұлттық кітапханасында сақталып тұр.
осы картада қазақстанның алтын орда уақытында өмір сүрген оңтүстік шығысымыз жетісу өңірі көрсетілген, - деді қазақстанның мемлекеттік орталық музейінің археология орталығының жетекшісі хамит айтқұлов.
ұйымдастырушылардың таратқан ақпаратына сәйкес, мұнда орталық музейдің қорындағы он үшінші-он төртінші ғасырларға тән үш жүзге жуық артефакті қойылған.
бірегей коллекция музейге келушілерді алтын орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстырады.
көрменің ерекшелігі алматы облысы, шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер - он үшінші-он төртінші ғасырлар.
шағатай әулеті шенділерінің бірі - сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері алғаш рет келушілерге көрсетіледі.
ұлы жібек жолы. сауда. импорт бұйымдары.монеталар бөлімінде қазақстанның алтынордалық қалаларынан табылған импорт бұйымдары,
сонымен қатар сарайшық қалашығынан табылған жошы ұлысының және он үшінші-он төртінші ғасырларға өзге мемлекеттердің жиырма бес монета сарайының өнімі - күміс, мыс монеталар көз тартады.
діндер: тәңірлік, ислам, нестериандық, зороастризм, буддизм бөлімінде нестериандық құлпытастар және тағы да басқа деректермен танысуға болады.
он үшінші-он төртінші ғасырлар мінәжатттық діни ғимараттар сәулеті экспозициялық бөлімінде сарайшық қалашығындағы ғимараттардың фрагменттері,
жошы хан, алаша хан, болған ана мазары, қожа ахмет ясауи кесенесі сынды сәулет өнері ескерткіштерінің макеттері қойылды.
End of preview. Expand in Data Studio
README.md exists but content is empty.
Downloads last month
81